RU
Головкин: Мартиросянмен жекпе-жек нағыз соғыс болады
Жаңалықтар Қоғам

Головкин: Мартиросянмен жекпе-жек нағыз соғыс болады

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянмен өтетін жекпе-жегі нағыз мексикалық соғыс болатынын айтып отыр. Бұл туралы Fightnews.info сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: ringside24.com

Фото: ringside24.com

АҚШ-та 5 мамыр күні өтетін жекпе-жекте жеңіс тапқан спортшы үшін арнайы "Нағыз батыр" деген көк белбеу дайындалып жатыр.

Головкин өз кезегінде аталмыш белбеуді иелену үшін барын салатынын жеткізді. Себебі ол Мексиканы өзінің екінші үйі ретінде көреді екен.

"Мен Мартиросянмен кездесуге және белбеуді жеңіп алуға дайынмын деп нақты сеніммен айта аламын. Менде Хейчолдың бір белбеуі болған, енді тағы бірін алуға тамаша мүмкіндік туып тұр.

Ванес - мықты қарсылас. Сондықтан оның да жекпе-жекке жақсы дайындықпен келіп, нағыз соғыс көрсететінімізге сенемін", - деді GGG.

Головкиің айтуынша, ол қыркүйек айында "Канеломен" төбелесу үшін, Мартиросянды жеңіп шықпақ.

Еске салсақ, мексикалық боксшы Сауль Альварес Говокинмен жекпе-жекке шығар алдында допинг сынамасынан өтпей қалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
5
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel