RU

Ақботаның үшінші күйеуі ажырасып кетті деген қауесетке нүкте қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақбота Керімбекованың ажырасып кетті деген күйеуі көпшілікке жазба арнап, қауесетке нүкте қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Керімбекова. Фото: Алаш айнасы

Керімбекова. Фото: Алаш айнасы

Бұл жайында Рауан Дәулетов Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Ажырастырып, қосқандарыңыз үшін,

Не болар екен деп тосқандарыңыз үшін,

Сары уайымға салынып, бастарыңызды қосқандарыңыз үшін,

Алғысым шексіз!

Мейіріммен қарағандарыңыз үшін,

Қарауға жарағандарыңыз үшін,

Бақытқа балағандарыңыз үшін,

Алғысым шексіз", - деп өлең жолдарын арнады.

Ал желі қолданушылары Дәулетовтен әншіні жылатпауын сұрап, бақыт тіледі.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әнші Ақбота Керімбекова үшінші некесінің де тағдыры қыл үстінде екенін айтқан болатын.

Керімбекова. Фото: Instagram

Керімбекова. Фото: Instagram

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақботаның үшінші күйеуі ажырасып кетті деген қауесетке нүкте қойды
Mailfire view pixel