RU
Өмірі кешігіп жүретін адамдар ұзағырақ өмір сүретін болып шықты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Өмірі кешігіп жүретін адамдар ұзағырақ өмір сүретін болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қашан да кешігіп жүруді әдетіне айналдырғандардың өмірі ұзақ әрі сәттілікке толы болады. Зерттеу жүргізген ғалымдар осындай тоқтамға келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы snatchnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өмірі кешігіп жүретін адам. Көрнекі фото: KakProsto.ru

Өмірі кешігіп жүретін адам. Көрнекі фото: KakProsto.ru

Зертеушілер кешігуді ұнататын адамдардың күйзеліске көп ұшырамайтынын және оптимист болатынын айтуда. Ал бұл өз алдына денсаулықтың мықты болуына және өмірдің ұзақ болуына көмектеседі екен.

Сан-Диего университетінің психология профессоры Джефф Конте зерттеу жүргізу барысында кешіккіш адамдардың дені шығармашылық тұлға екендігіне көз жеткізген.

Олар уақытқа қарамай ісіне берілетіні соншалық, жұмысында көптеген жетістіктерге жететін көрінеді.

Сонымен қатар тәртіптер мен нұсқаулықтарға мән бермейтіндер мәселені шешуде де ұтымды ойлар ұсынып жатады екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel