RU
Жұбайыңыздың көзіңізге шөп салғанын дауысынан біліп қоюға болады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жұбайыңыздың көзіңізге шөп салғанын дауысынан біліп қоюға болады

Рассказать Вконтакте

Зерттеушілер ерлі-зайыптының көңілдесі бар-жоғын оның дауысынан біліп қоюға болатынын айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы nauchkor.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көзге шөп салу. Көрнекі фото: Alpha Lady

Көзге шөп салу. Көрнекі фото: Alpha Lady

Ғалымдар адам қанша өтірік айтуға шебер болса да, оны дауысы бірден "ұстап беретінін" алға тартты.

Зерттеу барысында тәжірибеге қатысушылар өзге азаматтардың дауысын тыңдап, оның өтірік не рас айтып отырғанын анықтауға тырысады.

Нәтижесінде жарының көзіне шөп салғандардың дауысы оны тыңдап отырғандардың күдігін келтірген.

Тәжірбиеге қатысушылардың дені тек адамның дауысын тыңдау арқылы оның өтірік айтып отырғанын дөп табады.

"Біздің зерттеу нәтижелері адам дауысы жарына опасыздық жасағанын байқатып қоятынын көрсетті", - дейді ғалымдар.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel