RU
Болашақ түлегі вице-министр болып тағайындалды (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Болашақ түлегі вице-министр болып тағайындалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ұлттық экономика министрілігінде бірқатар ауыс-түйістер болды. Министр Тимур Сүлейменов министрлік ұжымына жаңа тағайындалған вице-министрлерді таныстырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәдина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова. Фото: primeminister.kz

Мәдина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова. Фото: primeminister.kz

Айта кетейік, Мәдина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Тимур Сүлейменовтің сөзінше, Мәдина Жүнісбекова мемлекеттік органдар мен жобалық басқарудағы стратегиялық жоспарлау мен талдау, әлеуметтік саясат және даму мәселесіне жетекшілік етсе, Дана Жүнісова халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда қызметі мәселесіне жауап беретін болады.

Министр жаңа орынбасарлардың жинақтаған тәжірибесін, білімі мен кәсіби дағдысын қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін пайдаланатындығына сенім білдірді.

Айта кетсек, Мәдина Жүнісбекова М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон-Ассас университетін тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Ал Дана Жүнісова 2013 жылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін "Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
0
2
0
3
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір