RU

ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде

Бүгін AIBA Бүкіләлемдік бокс академиясы базасында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті дәрі-биологиялық қамсыздандыру, допингке қарсы жұмыс және спортшыларды жетістікке жетуге дайындау мәселелері жөніндегі алғашқы республикалық семинар түріндегі жиынды ашты деп хабарлайды NUR.KZ.

ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде
ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде: UGC

Семинарды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық Олимпиада комитетінің, сонымен бірге Халықаралық Олимпиада комитетінің "Олимпиадалық ынтымақтастық" бағдарламасының қолдауымен Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырып отыр.

ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде
ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде: UGC

Іс-шараға Германиядан, АҚШ, Чехия, Венгрия және ТМД елдерінен келген кәсіби мамандар қонақ ретінде қатыспақ.

ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде
ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде: UGC

Олар семинардың екі күні - 26 және 27 сәуір күндері аралығында басты бағыттар бойынша барынша көптеген мәселелерді қамтып, қазақстандық әріптестеріне өз тәжірибесімен бөліспек.

ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде
ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде: UGC

Жиында допингке қарсы бағдарламалар сөз етіліп, допингке қарсы қызметтің барлық қатысушыларының кәсіби біліктілігін арттыруға баса назар аударылмақ.

ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде
ҰОК допингке қарсы жұмыс пен спорттық медицина жөнінде семинар өткізуде: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729113-ok-dopingke-karsy-zmys-pen-sporttyk-medicina-zninde-seminar-tkizude.html