RU

ШҚО-да "тіріліп кеткен" Ленин жұртты таңырқатты (фото)

ШҚО-ның Жарма ауданы Әуезов кентінде өткен сенбілік көпшілікті таң қалдырды. Онда кеңес одағының көсемі "Ленин баба" аула сыпырып, көмекшелірі көше тазалаған деп хабарлайды altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz: UGC

ШҚО-ның Жарма ауданы Әуезов кентінде ерекше сенбілік өтті. Онда атақты Лениннің өзі көше тазалап, тұрғындарға көмектескен екен. Шарада тіпті, Лениннің атқосшысы "пулеметші Анка" мен "революцияның бас матросы" Павел Дыбенко да жүріпті.

Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz: UGC

Кейін белгілі болғандай, Ленинді тірілткен облыстық драма театрдың орыс труппасының әртістері екен. Ал идея авторы - кен өндірумен айналысатын жергілікті алпауыт компания көрінеді.

"Бұл шараның ешқандай саяси астары жоқ. Бар болғаны елді тазалыққа шақырып, сенбілікке бір адамдай атсалыстыру үшін ұйымдастырған көрініс болатын", — дейді компания өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729118-sko-da-tirilip-ketken-lenin-zrtty-tayrkatty-foto.html