RU
Алматыда ота жасатып көз жұмған балаға қатысты министр пікір білдірді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Алматыда ота жасатып көз жұмған балаға қатысты министр пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда сәбиінен айырылған ананың оқиғасы туралы пікір білдірді. Оның баласы грыжасына ота жасатып жатып мерт болған деп хабарлайды NUR. KZ.

Фото: rupor73.ru

Фото: rupor73.ru

Кей мәліметтерге сәйкес, алғашқы отадан кейін баласы ес жимаған соң, әйел Денсаулық сақтау министрінің ресми блогына хат жолдайды. Алайда оның үндеуі әлі де күту процесінде тұр екен. Сондықтан журналистер министрден шағымдардың неге соншалықты ұзақ уақыт қаралатынын сұраған.

"Шынымды айтсам, мен бұл ақпаратты алғаш рет естіп тұрмын. Біз оны міндетті түрде тексереміз. Егер бізге хат жолдаса, заңға сәйкес оған жауап берілетін уақыты бар", - деді министр.

Сондай-ақ, Біртанов өз қызметкерлерінің күн сайын сайтқа келіп түскен хаттар туралы есеп беріп отыратынын да мәлім етті. "Өткен апта мен уақытта ешқандай кешігіп жауап беру болмады" дейді ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
3
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір