RU
Қатерлі ісікті масаның шағуымен шатастырған қыз қолынан айырылып қалды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Қатерлі ісікті масаның шағуымен шатастырған қыз қолынан айырылып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Филиппин тұрғыны Джой Арсилла қатерлі ісік салдарынан қолынан айырылып қалды. Ол бастапқыда қолына шыққан жараны масаның шағуынан пайда болды деп ойлап қалған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

2012 жылы 16 жастағы Джой қолында пайда болған ісікті байқап қалды. Бойжеткен оны маса шағуына теңеп аса мән бере қоймаған. Алайда бірнеше ай өтсе де кетпей, керісінше ұлғая бастаған ісік қызды біраз алаңдатады.

Ауруханаға барып жүгінгенде дәрігергер Джойға жантүршігерлік диагноз қойған. Олар қыздың қолындағы ісік Юинг саркомасының салдарынан шыққанын айтады.

Бойжеткен маса шағуына теңегенін сүйектің қатерлі ісігі болып шығады деп үш ұйықтаса да ойламаса керек.
Фото: dailymail.com

Фото: dailymail.com

2013 жылдың сәуірінде Джой Арсиллаға күрделі ота жасалынып, дәрігерлер оған дерттің артта қалғанын айтқан. Алайда бір жылдан кейін ісік қайта жанданып, қыз бала 17 рет химиотерапиядан өтуге мәжбүр болды.

Қатерлі ісікті емдеудегі медицинаның алуан түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып көргенімен, Джойдың ісігі кетпей қойған.

Нәтижесінде ол дерттің басқа мүшелеріне таралып кетпеуі үшін, қолын кесіп тастауға бел буады.

Фото: dailymail.com

Фото: dailymail.com

"Бұл шешімді қабылдау мен үшін қиын болды. Бірақ өмірімді тек қана емделумен дәрі-дәрмек арасында өткізгім келмеді. Достарыммен қатар мектепке барып, кешкі серуенге шыққым келді. Жақындарымның қолдауына рахмет, оларсыз менің қолымнан түк келмес еді", - деп ағынан жарылды Джой.

Айта кетейік, Юинг саркомасы қатерлі ісік арасындағы ең белсенді әрі ауыр түрі болып саналады.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
4
2
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір