RU
Ақтауда аула сыпырушы әйел өзінің аянышты өмірі жайлы айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда аула сыпырушы әйел өзінің аянышты өмірі жайлы айтып берді

Рассказать Вконтакте

43 жастағы Ақтау тұрғыны өзінің таңғаларлық әрі аянышты өмір жағдайы туралы "Тумба" порталына сұхбат берген деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: sovetov.su

Көрнекі фото: sovetov.su

Қымбат өзінің мүгедек ұлын асырау үшін көп еңбектеніп, күндіз-түні жұмыс істейді. Ол қаланың шетінде тұрса да, ақшасын үнемдеу үшін жұмысқа жаяу барып келеді екен.

Әйел үйінен таң ата шығып, кешкі 8-9-да бір-ақ оралады. Оның отбасын асырап отырған бар табысы 31 мың теңгелік айлығы мен баласының 40 мың теңге жәрдемақысы.

"Түсінесіздер ме, балам II топтағы мүгедек. Оның жасы 21-де, 11-сыныпта оқиды. Балаларым көмектесе алмаса да, мен оларға көмектесемін. Аула сыпырып ақша табамын. Ұлым бұрын жұмыс істейтін. Бірақ қазір аяқтары ұстамайды. Осыған қарамастан күнде тамақ жегісі келеді. Кейде ішер асымыз бар, кеде жоқ. Келінімді аяймын. Әлі жап-жас болса да, киетін киімі де жоқ", - деп ақтарылды Қымбат.

Бір отбасының жүгін арқалаған әйел қанша қиналса да біреуге алақан жайып көмек сұрауға намыстанады екен.

"Балам мен келінім, менің өзім де ұяттан өліп кете жаздаймыз. Біз қайыршы, кедей емеспіз. Тек кейде қаражат қатты керек болады. Келешекте ұлям аяғынан тұрып, жұмысқа кірсе, бар қиындық артта қалатынына сенемін", - дейді әйел.

Осылайша, материал авторының пікірінше, кей адамдар қаншалықты өмірдің ауыртпалығын көрсе де, онысын ешкімге білдірмей-ақ күн кешіп жүр.

Сіздің реакцияңыз
0
3
5
17
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel