RU
Сапарбаев ардагерлер ақшасын "қалай болса солай" бөлгендерге ашуланды
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев ардагерлер ақшасын "қалай болса солай" бөлгендерге ашуланды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берілетін материалдық көмектің тең бөлінбегені үшін қарамағындағы қызметкерлерге ашуланды деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев

Ақтөбе әкімдігі соғысқа қатысқан және мүгедек болып қалған 55 адамға Ұлы жеңіс күніне орай 300 мың теңгеден берілетіні хабарлады.

Оның 120 мың теңгесі бір реттік төлем ретінде және 180 мың теңгесі сауығу мақсатында беріледі.

Алға, Мәртүк, Мұғалжар және Хромтау аудандарында 100-120 мың теңге көлемінде төлейміз деп шешілген.

Облыс әкімі мұндай шешімді сынап тастады.

«Қандай принциппен бір ардагерге 300 мың, екіншісіне 100 мың теңге беру керек деп шештіңіздер? Барлығы 300 мың теңгеден алу керек. Бұдан бөлек ардагерлерге көңіл бөліп, қамқорлық тануымыз керек. Оларға азық-түлік себеті және тағы басқа сыйлықтарды беру қажет», - деді Сапарбаев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында соғысқа қатысқан 63 ардагер мен мүгедек және 6 258 тыл еңбеккері бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
3
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel