RU
Стриптизші әйел "шіріген" байдың өлімінен кейін қыруар ақшаға кенелді
Жаңалықтар Әлемде

Стриптизші әйел "шіріген" байдың өлімінен кейін қыруар ақшаға кенелді

Рассказать Вконтакте

Америкалық Вероника Бэкхем HBO тележүйесінің атқарушы директорының мұрагерлері қатарынан табылды. Бұрындары стриптизші болған әйел ер азаматпен оның өліміне дейінгі бірнеше ай бұрын ғана танысқан. Марқұмның туыстары 36 жастағы әйелден 230 мың доллар көлеміндегі қаржыны қайтаруды талап етіп отыр деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Вероника тележүйе директорымен 2014 жылы танысып, бірден араласып кеткен. Әйелдің айтуынша, Микки оған бұл мұраны мәңгілік достықтың белгісі ретінде қалдырса керек.

Алайда, марқұмның туыстары стриптизші әйелдің сөзіне сенгісі жоқ. Олар керісінше, Микки мен Вероника арасында ешқандай да достықтың болмағанын айтып, 36 жастағы әйел марқұмнан тек қана ақша қажет еткенін жеткізді.

Микки ұзақ уақыт бойы диабет пен жүрек ауруынан айыға алмай жүрген. Оның үстіне ер адам ішімдікке құмартып, семіздікке де шалдығыпты.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Вероника Бэкхем 50 жастағы досынан 230 мың доллар көлеміндегі мұраға ие болды. Марқұмның әпкесі кәсіби биші болған әйел оның сенгіш ағасынан өз айласын асыра алған деп есептейді.

"Қайдағы достық? Ол менің ағамның сезімдерімен ойнап, қу қылықтарының арқасында оны алдап кетті", - қайғыдан қан жұтып отырған сіңлісі.

Оның айтуынша, ағасы Верониканы мұрагерлер қатарына қосқаннан кейін әйел онымен араласуды қойған. Миккидің оған жазған соңғы хабарламалары арқылы оның жауап жазуды өтінгенін анық аңғаруға да болады.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Алайда, Вероника марқұм сіңлісінің әрекеттерінен қорықпаса керек. 36 жастағы әйел Майами қаласында жұлдыздарға арналған сұлулық салонын ашып алған. Ол енді ұзақ уақыт аңсаған балдай тәтті өмірін сүріп жатыр.

Миккидің қарындасы да қол қусырып отырмайтынын айтты. Ол қайта сотқа шағым түсіріп, ағасын алдаған әйелдің түбіне жетпек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір