RU
Ессіз жігіт алғашқы кездесуде ұнатпаған аруды аңдып жүріп өлтірмек болған
Жаңалықтар Әлемде

Ессіз жігіт алғашқы кездесуде ұнатпаған аруды аңдып жүріп өлтірмек болған

Рассказать Вконтакте

Tinder қосымшасы арқылы бойжеткенмен танысқан азамат оны алғашқы кездесуден кейін турап өлтірмек болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fakty.ictv.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пышақ. Көрнекі фото: Podrobnosti

Пышақ. Көрнекі фото: Podrobnosti

Бойжеткен ер адаммен мейрамханада кездескен. Алайда көп ұзамай өзін нашар сезінген ару үйіне қайтып кетеді.

Нәтижесінде алғашқы кездесуі сәтсіз өткеніне ашуланған азамат бойжеткенді үйіне дейін аңдыған. Кейін түннің ортасында үйіне кіріп алып, бойжеткенді турап өлтірмек болады.

Ол, тіпті ойын жүзеге асыру үшін бойжеткеннің үйіндегі жиһаздарды целлофанмен орап, пышағын әзірлей бастайды.

Алайда қырағы бойжеткен үйде өзге біреудің жүргенінен сезіктеніп, дереу полиция шақыртқан.

Абырой болғанда, полицейлер ер адамды дер кезінде тоқтатып, бойжеткенді құтқарып қалады.

Белгілі болғандай, бойжеткеннің өзін нашар сезінуі де бекер болмаған. Ер адам мейрамханада оның сусынына есірткі араластырып, кейін бойжеткеннің кілтін ұрлап үлгерген екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel