RU
Алматыдағы қоғамдық көлікте жолаушы мен кондуктор әйел төбелесіп қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыдағы қоғамдық көлікте жолаушы мен кондуктор әйел төбелесіп қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы №49 бағыттағы қоғамдық көлікте болған дау Instagram желісінде тарап, қызу талқыға түсті. Онда автобус қызметкері мен жолаушы төбелесіп қалған деп жазады NUR.KZ.

Фото әлеуметтік желіден алынды

Фото әлеуметтік желіден алынды

Видеоның астында жолаушы қыз кондуктордан өзі төлеген жолақыға түбіртек сұрағанын жазған. Алайда қызметкер әйел қолын бір сілтеп, естімеген сыңай танытқан. Ал өзін түсіріп тұрған камераны көрген кезде, телефонына жармасып, төбелесті бастапты.

"АвтоАлмаТранс" ЖШС-ның аға диспетчері аталмыш оқиғаға қатысты пікір білдірді. Сұхбатты InAlmaty.kz сайты жариялаған.

Диспетчердің сөзіне сүйенсек, олар кондуктордың әрекеті үшін жауапты автобус жүргізушісіне айыппұл салыпты. Сондай-ақ қоғамдық көлік қызметкерімен әңгімелесіп, оған тәрбиелік кеңестер берген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір