RU

Қостанайлық азамат туған әпкесінің басын кесіп алды

Қостанай облысының соты жантүршігерлік қылмыс жасаған ер адамды жауапқа тартуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы Алау-ТВ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пышақ. Көрнекі фото: racyja.com
Пышақ. Көрнекі фото: racyja.com: UGC

Қайғылы жағдай 2017 жылдың желтоқсанында болған. 29 жастағы ер адам әпкесімен, әкесімен және қонаққа келген азаматпен бірге ішімдік ішіп отырады.

Кеш батқанда тұрғын әпкесімен сөзге келіп, қолына пышақ ала жүгіреді. Ол әпкесіне алты рет пышақ жарақатын салғаннан кейін оны шашынан сүйреп, басын кесіп тастаған.

Бүгінде алдын ала тыңдалым тағайындау мәселесі қарастырылып жатыр.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729164-kostanajlyk-azamat-tugan-pkesini-basyn-kesip-aldy.html