RU

Астанадағы 18 қабатты тұрғын үйдің лифт шахтасы өртке оранды (фото)

Астанадағы "Магистральный" тұрғын үйінде лифт шахтасы өртке оранды. Куәгерлер өрт туралы дабыл жүйесі өшіріліп тұрғандықтан, бұл жайтты тек интернеттен білгендерін айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанадағы 18 қабатты тұрғын үй. Фото: kn.kz и instagram.com/zhaloby_astana
Астанадағы 18 қабатты тұрғын үй. Фото: kn.kz и instagram.com/zhaloby_astana: UGC

"Магистральный" тұрғын үйінде лифт шахтасы өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер жақын болды. Тез келіп жетіп, өртті сөндірді.

Үйдің өрт туралы хабарлайтын дабылы іске қосылмады. Оны балалар ойыншыққа айналдырғасын сөндіріп тастаған. Бақытымызға орай үй мәселесі бойынша ортақ чатымыз бар. Сол арқылы өрт туралы білдік. Осылай өмір сүріп жатырмыз", - деп жазған куәгер.

Астана ТЖК баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

"26 сәуір күні сағат 16:07-де Момышұлы көшесіндегі 18 қабатты үйдің лифт шахтасында сегіз шаршы метр аумақты алатын қоқыс өртенді. Өрт 16:15-те сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда", - дейді баспасөз қызметінде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729169-astanadagy-18-kabatty-trgyn-jdi-lift-sahtasy-rtke-orandy-foto.html