Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыстың күні қыздарды көйлекпен сапқа тізген әскерилер талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Екатеринбург қаласында қақаған аязда жаздық киіммен сап түзіп жүрген қыздар тобының суреттері әлеуметтік желіге таралып кеткен. Желі қолданушылары құр көйлекпен сап тізген бойжеткендердің қасында қалың киімге оранып тұрған әскерилерді көре сала өз наразылықтарын жаудырды деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Екатеринбургтегі Офицерлер үйінің алаңында жұп-жұқа көйлекпен сап тізген қыздар қалалық әскери жобаның қатысушылары болып шықты. Ал оларға қарап тұрған әскерилер шараның ұйымдастырушылары.

Қақаған аязда қыздарды сап тіздіріп қойғандарды желі қолданушылары аясыз сөгіп тастады. Көбісі қыздардар жеңіл киініп тұрғанда, өздерінің қалың киім киіп алғанына ашуланды.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Әскери жобаның ұйымдастырушылары өз кезегінде, далаға шығып сап түзу қатысушылардың өз еркімен болғанын айтып ақталып әлек.

"Жобаның қалалық кезеңін ғимарат ішінде өткізуге шын мәнісінде жағдай жасалмаған. Еден сап түзіп журуге жарамсыз күйде, кейбір жерлері опырылып қалған. Қатысушылардың жарақат алып қалу қауіптері бар. Сол себепті олардың өздері және басшылары өзара келісе отырып, даладағы алаңға шығу шешімін қабылдады", - деп айтты әскери жоба өкілі.

Айта кетейік, Екатеринбургке 24 сәуір күні бір шамадан тыс қалың қар түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1729179-kysty-kni-kyzdardy-kjlekpen-sapka-tizgen-skeriler-talkyga-tsti-foto/

pixel