RU

Қарулы қарақшыны тоқтатқан ержүрек азамат желіде "жұлдыз болды"

Мексиканың Монтеррей қаласында дүкенге баса-көктеп кірген қарулы қарақшыны егде жастағы ер адам тоқтата алды. Бұл жайттың видеосы желіге тарап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ұры алдымен қаруды дүкен сатушысына кейін егде жастағы ер адамға тақайды.

Қалпақ киген азамат сабырлы күйін жоғалтпастан көзілдірігін шешіп, өзіне қару кезеген жігітке тап береді. Нәтижесінде қаруынан айырылған ұры полицияның қолына түсті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729188-karuly-karaksyny-toktatkan-erzrek-azamat-zelide-zldyz-boldy.html