RU
Жас қызды "өлтіріп" алған перзентхана қызметкерлері басшыны қайтаруды өтінді
Жаңалықтар Қоғам

Жас қызды "өлтіріп" алған перзентхана қызметкерлері басшыны қайтаруды өтінді

Рассказать Вконтакте

Алматыда 20 жастағы қыз қайтыс болған перзентхана қызметкерлері, оқиғадан кейін жұмыстан босатылған Елмира Жақашеваны қайтарып алғысы келетіндерін айтты. Олар орын алған мәселеге қатысты ел президентінің атына арнайы петиция жазды деп хабарлайды Tengriwnews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: nur.kz.Фото: dankakali. instagram.

Коллаж: nur.kz.Фото: dankakali. instagram.

Құжатта перзентхана директорының медицина саласындағы ерең еңбегі айтылды. Әсіресе алматылық перзентхананың жоғары көрсеткіштеріне елеулі септік тигізген бұрынғы басшының кәсіби біліктілігі екенін де ескеріліп өтті.

Петицияға орталықтың 117 медицина қызметкері қол қойған.

"Елмира Жақашева өзінің кәсіби біліктілігі мен адамгершілігі арқылы біздің бойымызға үлкен сенімділік ұялатты. Соның арқасында біз әр қадамымыз бен іс-қимылымызға нық сенімді болуды үйрендік. Өйткені ол кісі бәріміз үшін нағыз ұстаз, мықты басшы және шынайы дос бола білді. Қандай жағдай болмасын, Елмира Жақашева барлық әріптестері үшін кәсіби медициналық парыздың үлгісі болып қала бермек", - деп жазылған құжатта.

Дәрігерлер ел басыдан орын алған даулы мәселеде қолдау білдіріп, оның дұрыс шешілуіне өз септігін тигізуді өтінген.

Айта кетейік, Алматыдағы перзентханада босанған 20 жастағы қыз қайтыс болған. Оның өліміне туыстары аурухана дәрігерлерінің салғырттығы себепші деп отыр.

Қайғылы оқиғадан кейін перзентхана директоры Елмира Жақашева жұмыстан босатылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір