RU
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жүргізді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жүргізді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жүргізіп, еліміздің өзге мемлекеттердегі өкілетті елшілерін ауыстырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

назарбаев
"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды,

ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды,

ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір