RU
Оралдық мұғалім мектептегі концерт кезінде сахнада қайтыс болған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралдық мұғалім мектептегі концерт кезінде сахнада қайтыс болған

Рассказать Вконтакте

Оралдағы №14 білім беретін орта мектебінде Ольга Петровна Ильясова есімді мұғалім мәжіліс залында өтіп жатқан концерт кезінде тура сахнада қайтыс болды деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оралда

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мади Қыдырованың айтуынша, Ольга Петровна бұл мектепте 35 жыл қызмет етіпті.

"Ол бастауыш сыныптарға сабақ беретін және директордың орынбасары болды. Өзі де осы мектепте оқыған. Ол бірінші дәрежелі құрметті ұстаз еді", - дейді Мади ханым.

Оның сөзінше, бүгін мектепте 1 мамырға арналған салтанатты шара өткен.

"Оның екінші сыныбы сахнада ән шырқағанда Ольга Петровна да жандарында тұрған. Сол сәтте кенеттен өзін нашар сезінді де, жерге отыра кетті. Барлық оқушыларды залдан шығардық. Тек ата-аналар мен мұғалімдер қалды. Әлі де сене алар емеспіз, бірақ біз оны құтқара алмадық",- деп күрсінді директор орынбасары.

Сондай-ақ, Қыдырова біршама уақыттан соң ауылдық округтің дәрігері мен жедел жәрдем келгенін, алайда педагогтың ол кезде мерт болғанын айтты.

"Соңғы уақыттарда ол жиі ауырып жүрді, оның қан қысымы да жоғары болатын. Бұл біз үшін ауыр қайғы. Ольга Петровнаның барлық жақындарына көңіла айтамыз. Мектебіміз барынша көмек көрсетеді", - дейді Мади Қыдырова.

Ольга Ильясованың артында студент қызы мен күйеуі қалған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
19
1
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel