RU
Павлодарда балақайды төмпештеген балабақша қызметкерінің әрекеті елді шулатты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда балақайды төмпештеген балабақша қызметкерінің әрекеті елді шулатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодарда кішкентай қызды төмпештеп жатқан балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалған. Мұны көрген ата-аналар бала бағушының үстінен полицияға шағым түсіруды жөн көрді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда балақайды төмпештеген балабақша қызметкерінің әрекеті елді шулатты (фото)

Кадр: КТК арнасынан алынды

Павлодарда балабақша қызметкері бүлдіршіндерді ұрғаны үшін жұмысынан қуылды. Оның кішкентайларды төмпештеп жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір осы жағдайға қатысты арнайы сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалған.

Юлия Спирина 3 ай бұрын кішкентай қызын мына балабақшаға ауыстырғанын айтады. Бастапқыда бәрі ойдағыдай болғанымен, соңғы кезде бүлдіршін бақшаға барар кезде жылауды шығарыпты. Әлі үйрене алмай жүр ғой деп, бұған аса мән бермеген әйел кейін қызының мінезі біртүрлі болып кеткенін байқаған. Сөйтсе, баласы топтағы тәрбиешінің адуынды көмекшісінен қорқып қалған екен.

"Қызыма тиіспесе де, басқа бүлдіршіндерді беттерінен ұрады екен. Керек болса, итеріп, жұлқылап ақыратын көрінеді. Тәрбиеші топтан шығып кеткен кездерде көмекшісі осылай балаларымызға тәрбие беріп келген", - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Юлия Спирина.

Павлодарда балақайды төмпештеген балабақша қызметкерінің әрекеті елді шулатты (фото)

Кадр КТК арнасынан алынды

Бұл жайтқа нақты көз жеткізу үшін ата-аналар топтағы бейнебақылау камерасындағы таспаны алдыртыпты. Сөйтсе, бала бағушы бүлдіршіндерге шынымен де ақырып, жұлмалайтын көрінеді

"Балаларды ұрады екен. Қызымды бір соғып, жылатып қойыпты. Қазір денесіндегі іздер тексеріліп, сараптамаға жіберілді. Баламды ұрғаны дәлелденсе, ісім осы әйелмен болсын", - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Татьяна Харченко.

Осылай деген 20-ға жуық ата-ана бала бағушының үстінен полицияға арыз түсірген. Ал мекеме басшылары оны жұмыстан қуып жіберіпті.

"Бірінші кіші топтың ата-аналары басшыға шағыммен келді тәрбиешінің көмекшісі балаларға дауыс көтеріп, қол көтерді деп өтініш жасады. Біз осы ата-аналармен бірге видеобақылауды байқап, осындай әрекет бар екенін көрдік. Сол сәтте осы адаммен келісім-шарт бұзылды", - дейді №21 сәбилер бақшасының әдіскері Алтынгүл Нығманова.

Тәртіп сақшылары болса, «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізуде.

-Ал ашушаң бала бағушы 35 жаста екен. Балабақшадағы бұл қызметіне бір жарым жыл бұрын орналасқан әйелдің кәмелет жасына толмаған бір қызы бар. Енді балабақшадағы бүлдіршіндерге көрсеткен қорлығы дәлелденсе, 721 мың теңге көлемінде айыппұл арқалап, тіпті, 75 күнге қамалуы да мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
2
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір