RU
Шымкентте ұлын сабақ оқымағаны үшін аяусыз тепкілеген ана сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте ұлын сабақ оқымағаны үшін аяусыз тепкілеген ана сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Шымкентте ұлын аяусыз ұрған әйелдің мұндай қадамға не үшін барғаны белгілі болды. Ол бірінші сыныптағы баласын сабағын дұрыс оқымағаны үшін тепкілеп тастаған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте өз ұлын ұрған

Көрнекі фото: Myslo

Шымкентте өз баласын өлімші етіп сабаған әйел сотталды. Нәзира Бекбаева екі бап бойынша айыпты деп танылған.

«Қасақана дене жарақатын салғаны» және «кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін» оған 5 жыл жаза кесілді", - дейді ОҚО сотының үйлестіруші-судьясы Тамара Смайылова.

Бірақ, ол әйелдің екі жеткіншек баласы болғандықтан үкім 5 жылдан кейін күшіне енеді. Әзірше ол сот залынан босатылып отыр. Сайрам ауданында тұратын жалғызбасты әйел 6 жасар ұлын былтыр желтоқсан айында тепкілеп ауруханаға түсірген болатын.

Сөйтсе, анасының ашулануына оқушы баланың сабақ оқымағаны себеп болыпты. Осыдан кейін миы шайқалып, бүйрегі зақымданған ұл ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан еді.

Нәзира Бекбаеваның ұлынан кешірім сұрап, ал 8 жасар үлкен қызының жүрегі ауыратынын ескерген сот оны аналық құқығынан айырған жоқ. Қазір 37 жастағы жалғызбасты ана екі баласымен туыстарының қолында тұрып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
7
3
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір