RU
Риддерде мас күйінде жас жігітті қағып кеткен шенеунікке қатысты тағы да шу шықты
Жаңалықтар Қоғам

Риддерде мас күйінде жас жігітті қағып кеткен шенеунікке қатысты тағы да шу шықты

Рассказать Вконтакте

Риддер қаласының тұрғындары араққа сылқия тойып, көлікпен адам қағып өлтірген әкімнің орынбасары Бауыржан Құрманбаевқа қатысты тергеу ісін әділ өткізуді сұрап отыр. Бүгін қала тұрғындары қайғылы оқиғадан көз жұмған 19 жастағы Евгений Смольниктің жақындарына көңіл айтып, жергілікті атқамінерлердің бассыздығына наразылық білдірді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Риддерде мас күйінде жас жігітті қағып кеткен шенеунікке қатысты тағы да шу шықты

Фото: 24 Хабар

"Билікте отырған адамдар керісінше, қарапайым халықты қорғап, үлгі болу керек. Алайда, атқамінерлердің көбісі заң бұзып, жазадан оңай сытылады. Бұл жағдайда барлық құзырлы органдар ат салысу қажет.

Заңды белшеден басатын шенділерді тоқтату керек. Бұл не сұмдық?! Арақ ішіп алған әкімнің орынбасары көлік тізгіндейді. Ал жанында отырған тағы бір әкім оны тоқтатуға да асықпайды", - дейді Риддер қаласының тұрғыны Наталья Бахши.

Қала тұрғындары оқиға орнында тіл тартпай көз жұмған баланың әкесі Виктор Смольниковты қолдауға келді. Жұртшылық билік өкілдерін жазасыз қалмауын талап етті. Сондай-ақ, көлік апатының куәгерлеріне қысым көрсетуге жол бермеу керектігін жеткізді.

Қайғыдан қан жұтқан Виктор Смольниковтың айтуынша, апатты видеоға түсірген куәгерге Риддер полициясы бөлімінің басшысы сес көрсеткен. Қапыда көз жұмған ұлын жоқтап жүрген әке прократураға арыз жазыпты.

Еске салсақ, жол жиегінде кетіп бара жатқан 19 жастағы Евгений Смольникті басып өтіп, тайып тұрған. Жедел жәрдем жеткенше Евгений тілге келместен көз жұмды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір