RU

Ауа райы: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Шығыстың кей жерлерінде күндіз қатты жауса, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста және солтүстік- батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, найзағай күтіледі, батыста бұршақ болуы мүмкін деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: РМК Қазгидромет
Фото: РМК Қазгидромет: UGC

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі, Шығыс Қазақстан облысында тұман күтіледі.

Ақмола, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қарағанды облысында түнде және таңертең найзағай болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің күші 17-22 м/с жетеді, бұршақ болуы ықтимал. Күндіз Атырау облысында жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Ал Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде және Қостанай мен Маңғыстау облыстарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729237-aua-rajy-bgin-kazakstanny-basym-bliginde-zauyn-sasyn-zauady.html