RU
Ақтөбеде 40 млн теңге жымқырған мемлекеттік қызметкер ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 40 млн теңге жымқырған мемлекеттік қызметкер ұсталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Рустам Әлжановтың үстінен жұмысын тоқтатқан компанияға 40 миллион теңге көлемінде ақша аударғаны үшін қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Tengrinews.kz

Көрнекі фото: Tengrinews.kz

Ақтөбе қалалық прокуроры Альбина Асқарованың мәліметінше, жалпы шығын 40 миллион теңгеден асқан.

"Тексеру кезінде жеке балабақшаларға мемлекет қаржысы заңсыз аударылғаны анықталды. 2017 жылдың 5 қаңтарында "Растишка" ЖШС-мен арада қызмет көрсету келісімшартына қол қояды.

Білім бөлімі 15 миллион теңгеден астам қаржы аударды. Мемлекеттік мекеме балабақшаға 1,7 миллион теңге ақшаны артық аударды. Тексеру кезінде атқарылмаған жұмысқа төлем күнінен бұрын ақы төленгені де белгілі болды. "Қызғалдақ" ЖШС-не де артық ақша бөлінген.

Қазіргі кезде қылмыстық деректерге байланысты іс қозғалды. 2017 жылдың 1 наурызында "Сан бөбек" компаниясымен келісімшартқа отырып, балабақшаға 2,7 миллион теңгені артық аударып жіберген. Сонымен қатар, "Мерсель" ЖШС-не қарасты "Медина" балабақшасы жұмысын тоқтақанымен, білім бөлімі ақшаны төлей берген. Жалпы шығын 40 миллион теңгеден асады",- деді прокурор Альбина Асқарова.

Қылмыстық іс бойынша күдікке іліккен Рустам Әлжанов барлық құжаттарға өзі қол қойғанын, бірақ жұмысқа 2017 жылдың тамыз айында ғана қосылғанын жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір