RU
Президенттің "оң қолымын" деген ер адам министрлерден ақша бопсалаған
Жаңалықтар Әлемде

Президенттің "оң қолымын" деген ер адам министрлерден ақша бопсалаған

Рассказать Вконтакте

Бішкекте министрлерді алдаған алаяқ іздестіріліп жатыр Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Президенттің "оң қолымын" деген ер адам министрлерден ақша бопсалаған

Президенттің "оң қолымын" деген ер адам министрлерден ақша бопсалаған

Дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, белгісіз бір ер адам жаңа министрлерге, атап айтсақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Нұрбек Мұрашевке телефон соғып, ақша бопсалаған.

"Ол өзін президенттің "оң қолымын" деп таныстырып, жоғары қызмет үшін алғыс айту керектігін меңзеген. Бірнеше ведомство басшысынан 150 доллардан алып үлгеріпті. Қазір алаяқты іздеу жұмыстары жүріп жатыр", — деді құқық қорғау органдарының өкілдері.

Ауыл шаруашылығы министрі бұл ақпаратты растады. Алданып қалған шенеуніктер құқық қорғау органдарына арызданған. Тексеріс жүріп жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін шенеуніктерден жиі ақша бопсалаған 38 жастағы Санжарбек Супатаев ұсталған еді. Ұрлық, алаяқтық және түрмеден қашқаны үшін бірнеше мәрте істі болған ол, кейбір деректер бойынша, өзін президент аппаратының қызметкерімін деп таныстырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel