RU
БАҚ: Рейхстаг үшін күрескен қазақстандық соңғы батыр көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Рейхстаг үшін күрескен қазақстандық соңғы батыр көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының ардагері 97 жасқа келіп қайтыс болды. Федор Бакуменко рейхстаг үшін күрескен соңғы қазақстандық болатын деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Федор Бакуменко

Федор Бакуменко

Ардагерді жерлеу рәсімі Ақтөбе облысындағы Хобда ауданында өткен. Ол кезекті жеңіс күніне бірер ай ғана қалғанда өмірден озды.

Бакуменко Астарахан ауданында туылған. Әскери біліктілігін Орынборда шыңдаған ол 380-атқыштар дивизиясына түсіп, артиллериялық құралдарды меңгереді.

1943 жылы 5 тамызда аталмыш дивизияның күшімен Орел мен Белгород жаудан тазартылған. Осыған орай ардагерге "Ерлігі үшін" медалі табысталған.

Көп ұзамай Федора Михайлович 1945 жылы рейхстагқа ту тіккен 756-атқыштар полкіне ауыстырылады.

"Генрих Гиммлердің үйін басып алғаннан кейін мені сол жаққа радио байланыс орнату үшін жіберген. Мен рейхстагтың басына кеңестің қызыл туы тігілгенін өз көзіммен көрдім. Ол уақытта бәріміз көзімізге жас алдық", - деп біраз жылдар бұрын еске алған болатын.

Жеңіске жеткен соң қазақстандық азамат тағы бірнеше жыл Берлинде қызмет етіп, содан кейін ғана бірнеше марапаттарымен үйіне оралған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel