RU
Күйеуінің жанында жатқан әйелді зорлап кеткен азамат жаға ұстатты
Жаңалықтар Әлемде

Күйеуінің жанында жатқан әйелді зорлап кеткен азамат жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Волгоградтың 49 жастағы тұрғыны өз досының әйелін зорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Оқиға 15 ақпан күні болған. Қазір айыпталушы уақытша қамау изоляторында отыр деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Белгілі болғандай, айыпталушы азамат достарының үйінде болған кештен соң сол отбасында қонақтап қалған. Жататын басқа жер таппаған соң, ол жас жұбайлардың жанында, бір төсекте жатыпты.

Біраз уақыт өткен соң, ерлі-зайыптылар ұйықтап қалғанын байқап, әйеліне тиісе бастайды.

Кездейсоқ жыныстық қатынастан оянып кеткен келіншек айқай салып, күйеуін оятады. Осыдан кейін екі жолдас жұдырықтасып, күдікті қашып кеткен.

"Айыпталушыны бірер сағат өткен соң-ақ тауып алдық. Ол осыған дейін ұқсас қылмыспен сотты болған азамат", - дейді тергеуші.
Сіздің реакцияңыз
10
11
6
2
3
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel