RU
Таразда діндар жігіт өмірден баз кешкен қызды ажалдан арашалап қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Таразда діндар жігіт өмірден баз кешкен қызды ажалдан арашалап қалды

Рассказать Вконтакте

Таразда медресе шәкірті бесінші қабаттан секірмек болған студент қызды ажалдан арашалады. Дін жолындағы азамат өзін өлтіруге оқталған бойжеткенді құлағалы тұрған жерінен ұстап қалған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Таразда медресе шәкірті студент қызды ажалдан арашалап қалды

Таразда медресе шәкірті студент қызды ажалдан арашалап қалды

«Биіктен секіріп кетемін» деп қиғылық салған студентті райынан қайтаруға құзырлы орын өкілдері мен оқу орнының басшылығы жұмыла күш салғанымен, түк шықпаған.

Қайта керсінше, адам жақындаған сайын бойжеткен ғимарттың қиыр ұшына жылжып, жағдай ушыға берді.

Таразда медресе шәкірті студент қызды ажалдан арашалап қалды

Таразда медресе шәкірті студент қызды ажалдан арашалап қалды

Тек келіссөзге медресе шәкірті кіріскенде ғана өмірден баз кешкен 19 жастағы қыз сабырға келгендей көрінді.

Осы сәтті тиімді пайдаланған дін жолындағы азамат оны шап беріп ұстап алған.

Медицина колледжінің төртінші курс студентінің мұндай қадамға не үшін барғаны қазір анықталып жатыр.

Ел арасында Арайлым Өмірзақ өгей әкесімен ренжіскен немесе жігітімен ұрысып қалған деген болжам айтылуда.

Ал оны ажалдан арашалап қалған азаматқа жұрт тік тұрып қошемет көрсетті. Ол медреседе діни сауатын ашып жүрген Мойынқұм ауданының тұрғыны екен.

Таразда медресе шәкірті студент қызды ажалдан арашалап қалды

Таразда медресе шәкірті студент қызды ажалдан арашалап қалды

"Алладан дұға қылдық. Жайлап арғы жағынан көрінбей келіп бас салып ұстадым. Алланың қалауымен ғой", - дейді Ұзақбай Медетбайұлы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
27
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel