Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертісте жеті адам мінген қайық суға батып, бір әйел қаза тапты

Опубликовано:

Павлодарда Ертіс өзенінде жеті адам мінген металл қайық ауыр салмақты көтере алмай, суға батып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, қайықтағы жолаушылар Курчатовтан тауар алып, Грачи ауылына қайтып келе жатқан.

Олардың арасында екі кәмелетке толмаған, 13 және 16 жастағы балалар да бар. Қайғылы оқиғада бір әйел қаза тапты. Оның өлі денечін құтқарушылар біраз уақыт өткен соі тапты.

"Жолда не болғаны әлі нақтыланбады. Алайда қайықтың суға батуының бірден-бір себебі тым ауыр салмақ болғанә, - дейді құтқарушылар.

Төтенше жағдайға тап болып, қатты жаурап қалған жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1729263-ertiste-zeti-adam-mingen-kajyk-suga-batyp-bir-jel-kaza-tapty/

pixel