RU
Алматы тұрғыны сатушыны саусағымен қорқытып дүкен тонамақ болған
Жаңалықтар Қоғам

Алматы тұрғыны сатушыны саусағымен қорқытып дүкен тонамақ болған

Рассказать Вконтакте

Қылмыскер саусағын "қару" сияқты ұстап, азық-түлік дүкенін тонамақ болды. "Жалған қару" қолданылып жасаған қылмысы үшін ер адам шынайы мерзімге сотталды деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Алматыда ер адам сатушыны саусағымен қорқытып дүкен тонамақ болған

Алматыда ер адам сатушыны саусағымен қорқытып дүкен тонамақ болған

"2017 жылы 23 қарашада сағат 18:00 кезінде бұрын сотталған В. есімді азамат Алматы қаласындағы "Испандияр" азық-түлік дүкенін тонау үшін жоспар құрған… Дүкенге кірген ол, кассирге жақындап, қолын тоқыма бас киімімен бүркеп, саусағын қару сияқты кезеніп, кассадағы ақшалай қаражатты талап еткен, алайда ол арам ойын іске асыра алмай, қылмыс орнында ұсталды", — деп хабарлайды қалалық сот.

Ер адам сотта айыбын толығымен мойындады. Алмалы аудандық сотының үкімімен ол екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Үкім заңды күшіне енді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel