RU
Таң атпай самаурын қайнатып, қонақ күткен Мақпал Жүнісова елді тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

Таң атпай самаурын қайнатып, қонақ күткен Мақпал Жүнісова елді тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Қазақтың "ерке қызы", танымал әнші Мақпал Жүнісова таң атысымен өз ауласында самаурын қайнатып, қонақтарды қарсы алған сәтінен видео жариялап, көпшілікті сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram желісіндегі ресми парақшасына естеліктер мен қызықты сәттерді жиі жүктеп отыратын әнші бұл жолы Астанадан туыстары келе жатқанын оқырманымен бөлісті.

"Қайырлы таң! Астанадан туғандар келіп жатыр", - деп жазды Жүнісова видео анықтамасына.

Мұны көрген желі қолданушылары өнер иесінің қарапайымдылығына сүйсініп, таң атпай самаурын қайнатқанына тәнті болды.

"Керемет көрініс! Самаурын қайнап жатқан ауылдағы балалық шағым есіме түсіп. Мақпал, сіз өзіңіз де керемет адамсыз",

"Қайырлы таң! Самаурынды көріп ауыл еске түсті! Тамаша! Нағыз қазақ келіншегі!",

"Макпал апайымыздың осындай шынайы күлкісімен қарапайымдылығы өте ұнайды. Қазақтың ерке қызы болып халқыңызға еркелеп жүре беріңіз. 100 жасаңыз. Біз сізді жақсы көреміз", - деп жазды барша оқырман.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
50
3
0
2
3
47
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel