RU
Перуде діни жоралғыға сеніп, 140 жас баланың жүрегін суырып алған
Жаңалықтар Әлемде

Перуде діни жоралғыға сеніп, 140 жас баланың жүрегін суырып алған

Рассказать Вконтакте

Перудің Трухильо қаласында археологтар 140 кішкентай бала мен 200 жануардың жерленген қорымды тапты. Оларды діни нанымға байланысты құдай үшін құрбандыққа шалған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Перудегі қазбу жұмыстарын Тулейнск университетенің халықаралық ғалымдар тобы жүргізіп жатыр. Жақында археологтар 8-12 жас аралығындағы көптеген баланың құрбандыққа шалынған орнын анықтаған.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Ғалымдардың байқағаны, жерленген балалардың көпшілігінде көкірек тұсы мен жануарлардың ішкі құрылысы ақтарылған екен. Соған қарағанда, діни жоралғы кезінде олардың жүрегі суырылып алынған деген болжам бар. Осы қорымға жақын жерде құрбандыққа шалынған ересек адамдардың да жерленген жері табылған.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Зерттеушілердің пікірінше, адамдарды жаппай құрбандыққа шалу рәсімдері осыдан шамамаен 550 жыл бұрын, жерді тасқын су басу кезінде болған деп отыр. Тұрғындар осындай әрекетімен құдайдың қаһарын басқысы келген болуы мүмкін.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
1
13
7
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір