RU
Риддерде адам қағып өлтірген әкімнің орынбасарына жұрт қарсы шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Риддерде адам қағып өлтірген әкімнің орынбасарына жұрт қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Риддерде қаза тапқан 19 жастағы Евгений Смольниковтың үйіне ондаған адам жиналды. Жас жігіт жантүршігерлік жол-көлік оқиғасының құрбаны болған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, оны қала әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев қаққан деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бауыржан Құрманбаев. Коллаж NUR.KZ

Бауыржан Құрманбаев. Коллаж NUR.KZ
Source: UGC

Қайғылы оқиға қала тұрғындарын дүр сілкіндірді. Азаматты қаққан уақытта BMW X5 көлігінде Өскемен қаласының әкімі Қуат Тумабаев та болған.

"Қаланың шулап жатқаны да бекер емес. Әлеуметтік желіде әкімнің қатысуымен бейнеролик жарияланған соң, оған 15-20 адам наразылық білдірге. Бірақ бұл ғана емес, қаланың барлығы қарсы болып отыр", - дейді жергілікті тұрғын Ирина Оленева.

Марқұмның ата-анасына көңіл айтуға жиналған халық жол-көлік оқиғасына кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр.

"Шенеуніктердің өзі заң бұзған кезде оларды лайықты түрде жазалап, халыққа үлгі көрсетуі керек. Бұл істе жол-көлік оқиғасы мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысымен болып отыр. Мас көлік жүргізушісінің жанында отырған адамның кім екені дер кезінде тексерілмеген", - деп ашуланды қала тұрғыны Наталья Бахши.

Оған қоса, жол-көлік оқиғасын видеоға түсірген автордың айтуынша, бейнежазбаны жариялаған соң куәгерге тәртіп сақшыларының тарапынан қауіп төнген. Ал роликте әкім орынбасарының көлігімен қатар патрульдік полиция көлігі де келе жатқаны анық көрінеді. Осындай қысымнан кейін азамат бірден прокуратураға шағымданған.

Қазір Бауыржан Құрманбвев уақытша ұстау изоляторында отыр. Ал Қуат Тумабаев жұмысын жалғастыруда.

Еске салсақ, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 15 сәуір күні, кешкі сағат сегіз шамасында орын алған. Бауыржан Құрманбаев рөлінде болған BMW X5 маркалы көлігі жол жиегінде келе жатқан азаматты қағып өлтірген.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel