RU
Талдықорғанда сабақ үстінде ауырып қалған оқушының анасы шу шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Талдықорғанда сабақ үстінде ауырып қалған оқушының анасы шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Дінмұхамед Рәхімов сабақ үстінде өзін жайсыз сезініп, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Баланың мұндай халге түсуіне ата-анасы мектеп мұғалімдерін кінәлап отыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Оқушы өзін жайсыз сезініп тұрғанын бірінші болып әжесіне хабарлаған. Бірден мектепке жөнелген әжесі оның әрең тыныс алып тұрғанын аңғарды.

"Мен жедел жәрдем шақырыңдар деп өтіндім. Бәрі орындарынан қозғалмай құр қарап тұрды. Ең болмағанда, таза ауа кірсін терезені ашыңдар деп тағы сұрадым. Ақыры қызым өзі келіп жедел жәрдем шақырды", - дейді қарт кісі.

Қазіргі таңда ата-ана мен мектеп өкілдері бір-бірімен әлі де бір мәмлеге келе алмаған. Әркім өз шындығын айтып әлек.

Дінмұхамедтің анасының айтуынша, сынып қорына жиналатын қаржыны әйел әркез төлеуге шамасы келмегендіктен, мектеп әкімшілігіне өз наразылығын білдірген. Сол себепті мұғалімдер жалғызбасты анаға деген қарым-қатынасын түбегейлі өзгертіпті.

Баланың айтуынша, оны сынып жетекшісімен арада болған келіспеушілікке бола қатты сөгіп тастаған.

Мектеп өкілдері өз кезегінде, бұл оқиғада ананың өзін кінәлап отыр. Олардың айтуынша, әйел өз баласын тым еркелетіп, әрі асыра қамқорлық танытып өсірген.

Алайда, Дінмұхамедтің анасы бәрібір де өз шындығын заңды түрде дәлелдемек. Ол мектепті сотқа беруді көздеп отыр. Ал әлі де ауруханада жатқан бала енді қайтып ол мектепке барғысы келмейтінін айтты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір