Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар өсек айтатын адамдардың бақытты болатынын дәлелдеді

Опубликовано:

Канадалық ғалымдар өсек айту адамдарды бір-біріне жақындатып, бақыттырақ ететінін дәлелдеп шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы oane.ws сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өсек. Көрнекі фото: Белновости
Өсек. Көрнекі фото: Белновости: UGC

Зерттеу нәтижелері өсек айту екі адамның қарым-қатынасын жақсартып, олардың көңіл күйін көтеретінін көрсеткен. Тәжірибеге Оттаваның 17-30 жастағы 300 студенті қатысады.

Олардың бәріне анкета толтырып, сұрақтарға жауап беру ұсынылған. Жауаптарды сараптаған ғалымдар ерлер мен әйелдердің өсек айтудағы тақырыптары мүлде өзгеше екенін анықтаған.

Ерлерді достарының мансабы, қаражаты қызықтырса, әйелдер бір-бірінің келбетін өсектейтін болып шықты. Оның үстіне ерлерден гөрі әйелдер көбірек өсек айтатыны белгілі болыпты.

Зерттеушілер өсектің пайдасын да анықтаған: бұл адамды өзін бақыттырақ сезінуге көмектесетін бірден бір әрекет екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1729298-galymdar-sek-ajtatyn-adamdardy-bakytty-bolatynyn-dleldedi/

pixel