RU
Ақтөбеде караоке мен шайханасы бар ерекше такси жұртқа қызмет көрсетуде (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде караоке мен шайханасы бар ерекше такси жұртқа қызмет көрсетуде (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде көлік ішінде караоке мен шайханасы бар такси бар көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, аталған такси жоғары сұранысқа ие екен деп хабарлайды Bnews-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Лайф

Фото: Лайф

Көп жылдан бері такси жүргізушісі болып қызмет етіп келе жатқан Мұхтар Кенжебеков ғаламторда түрлі таксилер туралы роликтерді көріп, өзі де сондай темір тұлпарды тізгіндесемін депті. Осылайша ол көлігіне арнайы микрофон мен шай, тәтті-дәмділерді сатып алған көрінеді. Таксистің айтуынша, жолаушылардың кейбірі ән айтуға ұялып жатса, енді бірі шай да ішіп, әуен де шырқап береді екен.

Бір қызығы таксидегі "караоке мен шайхана" қызметі тегін көрінеді. Клиенттер тек жол ақысын төлесе болды дейді такси жүргізушісі.

Бүгінде мұндай ерекше таксиге сұраныс көп екен. Ақтөбеліктерге оған алдын ала тапсырыс беретін көрінеді.

Енді алдағы уақытта көлік иесі жолаушыларды тасымалдауға арналған осындай автобус сатып алмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel