RU

Ауа-райы болжамы: Демалыс күндері өткінші жаңбыр мен найзағай күтілуде

Синоптиктер сәуірдің соңғы күндері мен 1-2 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болатынын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ауа-райы болжамы: Демалыс күндері өткінші жаңбыр мен найзағай күтілуде
Ауа-райы болжамы: Демалыс күндері өткінші жаңбыр мен найзағай күтілуде: UGC

29-30 сәуір күні елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болады деп күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, батысы мен орталығында да жоғары атмосфералық қысымның әсерінен өткінші жауын болуы мүмкін.

Сонымен қатар еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және кей орталық аудандарында күн 22-33 градусқа дейін ысиды.

Мамырдың басында еліміздің басым бөлігінде күн суып, өткінші жаңбыр мен найзағай болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729309-aua-rajy-bolzamy-demalys-knderi-tkinsi-zabyr-men-najzagaj-ktilude.html