RU

Ғалымдар: Ерлер қауымы әйелдің төсек қатынасын қалайтынын түсінбейді

Ғалымдар төсек қатынасын қалайтынын ымдаған әйелдерді ерлердің көп жағдайда мүлде түсінбейтінін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төсек қатынасы. Көрнекі фото: deswork.net
Төсек қатынасы. Көрнекі фото: deswork.net: UGC

Зерттеушілер 120 жұпқа тәжірибе жүргізіп, олардан ғашығына қанша рет төсек қатынасын қалайтыны туралы ымдап білдірмек болғанын сұрайды.

Нәтижесінде әйелдер ерлердің қалауын бірден түсініп қоятыны, ал ер азаматтар ондай ымдауларға мүлде мән бермейтіні анықталған.

Нәзік жандылардың дені төсек қатынасына деген қалауын ерлеріне ымдап білдіру еш нәтиже бермегенін алға тартады.

Осы орайда ғалымдар әйелдерге қалауын тікелей әрі мәдениетті түрде айтып жеткізуге кеңес берді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729311-galymdar-erler-kauymy-jeldi-tsek-katynasyn-kalajtynyn-tsinbejdi.html