RU
Бірер минуттың ішінде ұлын шалға айналдырып жіберген әйелге жұрт тәнті болды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Бірер минуттың ішінде ұлын шалға айналдырып жіберген әйелге жұрт тәнті болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Англия тұрғыны баласына берілген үй тапсырмасы үшін оның басын тақырлап тастады. Оқушыға егде жастағы қарияның образын жасап шығару керек болғандықтан, анасы ұлын шынайы атаға айналдырып жіберген деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Англиялық азаматша өзінің ұлын бірер минутта нағыз шалған айналдырған. Ол ұлына берілген үй тапсырмасын орындамақ болып, образдың шынайлығы үшін оның басын тақырлап тастады.

Мұның өзін аздық еткен әйел баласына қарт адамның киімін кигізіп, таяқшасын да ұстатып қойған. Оған қоса өнерлі ана балақайдың бетіне бояудың көмегімен әжімдерді салып қойды.

Нәтижесінде нағыз қарияға айналып шыға келген бала тапсырмасын үздік орындап шыққаны үшін бес деген баға алған. Ол ең біріншіден бұл үй жұмысын орындаудағы анасының ерең еңбегін атап өтті.

Талантты ананың жасап шығарған образы интернет желісіне тарап, желі қолданушылардың оң пікірлеріне ие болды. Көпшілік оның креативті ойлау қабілетіне тәнті болғандарын айтып, өз лүпілдерін аямай жаудырды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
5
5
1
3
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір