RU
Адамды көркінен айыратын ішімдік түрі белгілі болды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Адамды көркінен айыратын ішімдік түрі белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Америкалық медицина мамандары адамды көркінен айырып, бет терісіне кері әсер ететін ішімдік түрін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы rus.tvnet.lv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бет терісі. Көрнекі фото: panthermedia.net / Craig Robinson / Scanpix

Бет терісі. Көрнекі фото: panthermedia.net / Craig Robinson / Scanpix

Зерттеушілер қызыл шараптың денсаулыққа зияны барын анықтаған. Натуропатия маманы Изабель Шаркар аталмыш шарап теріге жаман әсер ететінін алға тартуда.

Ғалымның сөзіне сенсек, ішімдік бетке безеудің қаптауына әкеліп соқтырады. Одан бөлек тері клеткалары зақымдалып, адамның бет терісі ерте қартаяды екен.

"Қызыл шарап терінің қызарып, ісініп, қабынуына әкеліп соқтырады. Бұған шараптың құрамындағы қант мөлшері себепкер", - дейді Изабель Шаркар.

Маман ішімдіктің зиянын азайту үшін көбірек таза судан ішу керектігін айтуда. Бұл бет терісін ылғалдандырып, теріге нәр береді екен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір