RU
БҚО-да ата-ана қарауынсыз қалған екі бала қоқысқа түсіп мерт болды
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да ата-ана қарауынсыз қалған екі бала қоқысқа түсіп мерт болды

Рассказать Вконтакте

БҚО-да ата-ана қарауынсыз қалған екі бала қоқыс төгетін шұңқырға құлап қайтыс болды. Олардың жасы үш және бесте болған деп хабарлайды Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: odessamedia.net

Көрнекі фото: odessamedia.net

Қайғылы жағдай Қаратөбе ауданына қарасты Ұшан ауылында 25 сәуір күні орын алған. Кішкентай бала мен қыз ойнап жүріп, көрші ауылдағы қоқыс төгетін орға түсіп кетеді.

"Балалардың өлі денесі қоқыс төгетін ордан, кешкі сағат 20:00 шамасында табылды. Қазір прокуратура мен аудандық ішкі істер бөлімі сараптама жүргізіп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балалардың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесін құзырлы органдар шешеді", – деді Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров.

Айта кету керек, балалар лас жердегі ауаға тұншығып қайтыс болған және олар бір үйдің балалары емес.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel