RU
Өзінің үш жасар қызын зорлап, видеосын таратқан әйел әлемді дүрліктірді
Жаңалықтар Әлемде

Өзінің үш жасар қызын зорлап, видеосын таратқан әйел әлемді дүрліктірді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Оңтүстік Индиана тұрғыны Хайме Симмс өзінің үш жасар қызын жыныстық қатынасқа итермелегені үшін айыпталып, тұтқынға алынды. Екі баланың анасы кішкентай қызын зорлағанын видеоға түсіріп, бейнежазбаларды интернетте саудалаған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dreamstime.com

Фото: dreamstime.com

Хайме Симмс өз күйуімен арасын үзіп кеткелі екі қыз әкелерінің қолында қалған. Оған әйелдің есірткіге тәуелділігі кінәлі болса керек. Алайда оған қарамастан, ер адам бұрынғы жұбайына аптасына бір рет қыздарын көріп тұруға рұқсат берген.

Уақыт өте келе ер адам қыздарының қылығы күрт өзгергеннін байқап, олардан не болғанын сұрастыруға тырысқан. Алайда, әкелеріне бәрі дұрыс деп сендірген олар, аналарының сорақы қылығы жайлы тіс жармады.

Іштей бір шикіліктің барын сезген әке, Хайменің ұялы телефонын тексергенде, көрген нәрсесіне өзі сене алмаған. Ер адам безбүйрек ананың үш жасар қызын зорлап жатқан видеосын тауып алды.

"Мен әлі де өз-өзіме келе алмай жүрмін. Қызым үшін жүрегім ауырады. Бұл мен үшін өте ауыр", - деп айтты ол.
Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Полицияның хабарлауынша, Хайме Симмс бұл тұрпайы бейнежазбаларды желіде сатып, одан тапқан қаражатын есірткі мен жеке заттарына жұмсаған. Бұл оқиғаға дейін ол 200 доллартабыс тауып үлгерді.

Енді безбүйрек ана баланы зорлағаны мен балалар порнографиясын таратқаны үшін айыпталуда. Оған қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
5
11
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel