RU
Оралдағы құрылыс алаңында нәрестесін тастап кеткен бойжеткен оны өзі бағатын болды
Жаңалықтар Қоғам

Оралдағы құрылыс алаңында нәрестесін тастап кеткен бойжеткен оны өзі бағатын болды

Рассказать Вконтакте

Оралда жаңа туған нәрестесін құрылыс алаңында тастап кеткен бойжеткенге ата-ана құқығы қайтарылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Уралськая неделяға" сілтеме жасап хабарлайды.

Нәресте. Фото: "Уральская неделя"

Нәресте. Фото: "Уральская неделя"

Мұндай шешімді ювеналдық сот қабылдаған. Сәби әзірге Балалар үйіне жайғастырылған. Сот шешімі өз күшіне енген күні оны анасы алып кете алады.

Балалар үйінің қызметкерлері Әлижан есімді нәрестеге анасы күнделікті келіп тұратынын айтуда. Олар ендігі көкек ана қателігін қайталамай, сәбиіне қамқор болады деген үмітте.

Сот бойжеткенге ата-ана құқығын қайтару шешімін 17 сәуір күні қабылдаған.

Еске салсақ, өткен жылдың жазында күзетші құрылыс алаңынан жаңа туған нәрестені тауып алады.

Көп ұзамай полицейлер сәбидің анасын табады. Көкек ана Оралдың 20 жастағы тұрғыны болып шыққан.

Нәрестесін тастап кеткен бойжеткен 100 сағат қоғамдық жұмыстар атқаруға міндеттелген болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel