RU
Алматыда пәтердегі өрттен қорыққан балақай терезенің сыртына шығып алған
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда пәтердегі өрттен қорыққан балақай терезенің сыртына шығып алған

Рассказать Вконтакте

Алматыда көп қабатты үйлердің бірінде өрт шығып, тілсіз жаудан қорыққан кішкентай балақай терезенің жақтауына мініп алған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: instagram

Фото: instagram

Аталған видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде пайда болған. Желі қолданушыларының айтуынша, оқыс оқиға Алатау ауданындағы Ақкент тұрғын-үй кешенінде орын алыпты.

Бейнежазбадан пәтерде өрт шыққанын анық көруге болады. Сондай-ақ, видеода жалыннан қашқан жеткіншектің терезе сыртына шығып кеткені байқалады. Оқиға куәгерлері сәбиді төртінші қабаттың терезесінде тұрғанын атап өткен.

Абырой болғанда, бала дер кезінде құтқарылып, аман қалған.

"Жедел құтқару қызметінің мамандары мен қарапайым қала тұрғындарының арқасында балақай дін аман! Оның денсаулығына қандай да бір қауіп төніп тұрған жоқ",-дейді пікір білдірушілердің бірі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel