RU
Үш айдан бері жалғыз ұлын таба алмай жүрген алматылық ана көз жасын тоқтата алмады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Үш айдан бері жалғыз ұлын таба алмай жүрген алматылық ана көз жасын тоқтата алмады (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ұлын іздеген ана NUR.KZ порталына келіп, шарасыз күйге түскенін айтты. Айтуынша, 26 жастағы ұлы Думан Мұратұлы көліктің айыппұлын төлеу үшін үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Үш айдан бері жалғыз ұлын таба алмай жүрген ана көз жасын тоқтата алмады (фото)

Фотода Думан келіншегімен

Тамаша апайдың айтуынша, оның ұлы көлік айыппұлдарын төлеу үшін салық органына жол тартқан. Оның қалтасында 21 мың теңге ақшасы болған. Алайда ол сол кеткеннен үйіне қайтып оралмаған.

"Думан ұлымды таба алмай жатырмын. Жақында ғана үйленіп, сәбилі болған. 14 ақпан күні баланы қырқынан шығардық. 15-күні үйден шығып кеткен, түске таман сөйлестік. Кешке үйге келсем, келінім жылап отыр. Телефонына қоңырау бармайды деп. Міне, содан бері жоқ", - деп зар жылады ана.

Үш айдан бері ұшты-күйлі жоғалып кеткен жігіттің анасы қазір тоқтаусыз жылай беретін болғанмын дейді. Айтуынша, ол ұлын жалғыз өзі іздеп, жанұшыруда.

Үш айдан бері жалғыз ұлын таба алмай жүрген ана көз жасын тоқтата алмады (фото)

Думан келіншегімен бірге

"Жалғыз өзім іздеп жүрмін. Келінім баламен үйде. Достарының барлығы хабарсыз. Қайда кетеді сонда? Күйеуім таяқпен жүреді. Сондықтан өзім іздеп жүрмін. Талғар аудандық полицияға арыз бердім, алайда табылар емес. Не істерімді білмей, сіздерге келдім", - дейді ана.

"1 наурызда келінімнің туған күні болды, 8 наурыз өтті, 22 наурыз өтті, 2 сәуір күні өзінің туған күні өтті, келмеді, жарығым. Сондай қайда кетеді. Ойлай-ойлай шаршадым...", - деп жылады ол.

Айта кету керек, Думан Алматы облысы Талғар қаласының тумасы.

Егер суреттегі 1992 жылы туған Думан Мұратұлын білген-көргендер болса редакцияның нөміріне хабарласуына болады.

Редакцияның WhatsApp нөмірі + 7747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
1
6
56
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір