RU
Оралда 14-ші қабаттан құлаған тұрғын тіл тартпай кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Оралда 14-ші қабаттан құлаған тұрғын тіл тартпай кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Орал қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде тұратын әйел 14-ші қабаттан құлап кетті. Келіншектің биіктен өз еркімен секіріп кеткеніне оның көршілері сенбейді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қайғылы оқиға Достық-Дружба даңғылындағы тұрғын үйде орын алған.

Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары мен прокуратура қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта тұрғын үй алды қоршауға алынған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Полицейлер қоршалған аумаққа ешкімді өткізбей жатыр.

"Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізуде. Криминалистер де жұмылдырылған. Тергеушілер куәгерлермен сөйлесіп, нақты ақпарат алуға тырысып жатыр", - деп айтты жергілікті полиция басшысы Манарбек Ғабдуллин.

Көршілердің айтуынша, әйел адам өз сүйіктісімен бірге тұратын. Алайда ер адамға қатысты үй тұрғындарының пікірі аса жақсы емес болып шықты. Ол ішімдікке құмар болып келген дейді көршілер.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Мен оның өздігінен секіріп кеткеніне сенбеймін. Әйелдің әскерде борышын өтеп жатқан ұлы бар", - деп айтты көршілерінің бірі.

БҚО ІІД бұл оқиғаға қатысты мәлімдемені кейінінрек жасайтынын хабарлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel