RU
Мәдениет министрі танымал өнер қайраткерлерімен бірге футбол ойнайды
Жаңалықтар Қоғам

Мәдениет министрі танымал өнер қайраткерлерімен бірге футбол ойнайды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы қаласындағы өнер ордаларының өкілдерімен, яғни әртістермен бірге доп теуіп, тартысқа түспекші деп хабарлайды NUR.KZ.

футбол

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Республикалық спорт колледжімен бірлесе отырып, өткен жылдан бері Мəдениет жəне спорт министрлігінің және Арыстанбек Мұхамедиұлының тікелей қолдауымен Алматы қаласындағы министрлікке қарасты Өнер ошақтары арасында футболдан жарыс ұйымдастырып келеді.

Сол бастаманың жалғасы ретінде, сондай-ақ, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын қолдау жəне жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне орай биыл екінші мəрте өткізілгелі отыр.

Аталмыш додаға танымал мәдениет қайраткерлері және театр тарландарымен қоса Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі келіп, тікелей қатысуы ойын көркін қыздыра түсетін секілді.

Айта кетерлігі, 30 сәуір күні өтетін футбол турнирінде Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы кубогі жеңіске жеткен командаға табысталады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір