RU

Қытай түрмесіне қамалған 50 жастағы қазақ әйел жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Қытайдағы Синьзцянның солтүстік-батысында түрмеге қамалған қазақ әйел құпия жағдайда қайтыс болды. Бұл туралы chinaaid.org сайты хабарлады.

Қытайлық полиция көшені тінтуде. Фото: ChinaAid
Қытайлық полиция көшені тінтуде. Фото: ChinaAid: UGC

Шетелдік басылымның сөзіне сенсек, 50 жастағы Нұргүл есімді әйел "экстремистік діни көзқарасты таратты" деген айыппен 16 жылға бас бостандығынан айырылады.

Алайда сәуірдің басында қамауға алынғаннан кейін үш ай өткенде ол құпия жағдайда қайтыс болған. Әйелдің таныстары оның білікті дәрігер маман болғанын айтуда.

"Нұргүл соққыға жығылғаннан қайтыс болды ма, әлде дерттен көз жұмды ма, ол жағы белгісіз", - деп жазған СhinaАid сайты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1729381-kytaj-trmesine-kamalgan-50-zastagy-kazak-jel-zmbak-zagdajda-kajtys-boldy.html